«Өзін-өзі тану» пәнінен «Өзін-өзі тану – шығармашылық және махаббат педагогикасы»

 Ғ.Ақтаев атындағы #6 орта мектебінде 01-10 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану» пәнінен «Өзін-өзі тану – шығармашылық және махаббат педагогикасы» тақырыбында онкүндік өтуде.
МАҚСАТЫ: Рухани-адамгершілік білім беру арқылы рухани сауатты адам, өзінің ұлттық әлем бейнесін сақтай және дамыта отырып, жаһандану дәуірінде өмір сүруге және бақытты болуға қабілетті, қоршаған ортаны қорғайтын, мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығара алатын, өмір тәжірибелерін құрметтейтін тұлға қалыптастыру.
МІНДЕТТЕРІ:
▪️Оқушылардың ішкі танымын дамытуға мүмкіндік жасау;
▪️Мінез-құлық әдебін тәрбиелеу, жауапкершілік, абырой, абзалдық тәрізді адами қасиеттер жүйесін қалыптастыру;
▪️Тек қана ізгі әдіс-тәсілдер арқылы рухани-адамгершілік білім беру үрдісінде оқушылардың өз білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру;
▪️Адамдарға және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға үйрету .
ӨЗЕКТІЛІГІ: Қазіргі қоғамда тұлғаның дамып қалыптасуында рухани — өнегелі тәрбиенің жетіспеушілігі айқындалуда. Өзін-өзі тану дегеніміз-ол өзін тану, өзінің ішкі дүниесін тану, сол арқылы өзін-өзі тәрбиелеу, өзінің көзқарасын қалыптастыру, өзін-өзі сезіну және өзін-өзі бағалау.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
▪️Жеке тұлғаның өзінің өмірлік айқындамасын анықтауға жол ашады.
▪️Түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешуге бағытталады.
▪️Өзін-өзі басқара алатын, қоғамда қабылданған нормаларға – құндылықтарға сәйкес өзінің саналы талап – ойын жетекшілік ететін кемел тұлға қалыптасады.