Туған өлке тұлғалары

Күні:19.02.2020ж

Класы: 5-10 кластар

Жауапты: Тарих пәнінің мұғалімдері.

Сабақтың тақырыбы: «Туған өлкенің тұлғалары» презентациялар байқауы. Апталықтың жабылуы.

Сабақтың мақсаты:  Адам өміріндегі киелі орындардың бірі –туып өскен жері. Әр адам өзі туып өскен өлкесін мақтан тұтады.Ақтөбе –   киелі жер . Өлкемізде кіндік қаны тамған аты аңызға айналған тұлғаларды құрметтеуге, тәлім- тәрбие алуға шақыру.

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз.

Құрметті  оқушылар!

    Біздің халқымыз еңсесін тіктеп,елдігін, ерлігін жоғалтпай, биіктен биікке өрлеуден талмай келе жатқан батыл да, батыр халық. Небір зұлматта, ең қиын кезеңнің өзінде туған жері мен елін, өзінің төл мәдениеті мен әдебиетін, інжумаржандарын, салт-дәстүрін, әдет ғұрпын сақтай отырып, бүгінгі ұрпаққа жеткізді. Тарихтың көне қойнауында биік мұратты ту етіп, өркениет пен ізгіліктің, мәдениет пен өнердің дамуына ықпал еткен халықтың қалың ортасынан шыққан тарихи тұлғаларға арайлы Ақтөбе жері кенде болған емес.

Ақтөбе аймағында бүкіл қазақ халқының бірнеше ұрпағына ерліктің өнегесі болған Қарақыпшақ Қобыланды батырдың  сүйегі жерленген.

Халқымыздың бірлігі мен тұтастығын сақтауға, әділдіктен таймаған айыр тілді Әйтеке би Тілеуұлы Мөңкедей билерді,ел тағдыры талқыға түскенде арыстандай айбатымен, айбынды қайратымен, әскери сұңғылалығымен қол бастаған Әбілқайыр баһадүр хан, Бөкенбай Қараұлы, Есет Көкіұлы, Есет Көтібарұлы сияқты көптеген батырлардың жалғасы аяулы Әлия Молдағұлованы берген.

Нұрпейіс пен Шернияздай жырау, Әбубәкірдей шайыр, тұтас бір күй мектебін қалыптастырған Қазанғап шыққан өңірде кешегі тоталитарлық кеңестік кезеңде өмірлері құрбан болса да Ұ.Құлымбетов, Т.Жүргенов, Т.Жаманмұрыновтай мемлекет қайраткерлері, Қ.Жұбанов, Т.Шонанов сияқты ғалымдар өшпес із қалдырды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске еңбектегі ерлігімен Ш.Берсеев үлес қосты. Кейінгі кезеңде В.Пацаев ғарыш көгінде қалықтап, А.Жұбанов, Ғ.Жұбанова, Р.Жаманова, Н. Тапалова өнер туын биікке көтерді.

«Өткенді білмей келешек жоқ» асыл азаматтарымыздың өмірі  жете таныстыру, насихаттау біздің міндетіміз деп санаймыз.

Кезекті оқушылардың дайындаған презентацияларына береміз.

  1. Бақтияр Махаббат
  2. Ғалымжан Батырбек
  3. Елубесова Айханым
  4. Сейлхан Айдана
  5. Әбдіразақ Әселжан
  6. Нәбижанов Нұрзат
  7. Саматқызы Нұрай
  8. Сарманов Тұрар
  9. Тлекбаева Айсамал
  10. Сатыбалдиева Самал
  11. Жұбанов Құтбудин
  12. Жумағалиева Сабина
  13. Манап Мөлдір

Қорытынды:

Шөл далаға су сеуіп,бұлақтың көзін ашып,табиғатқа күн сыйлаған,қараңғы халықтың көзін ашқан қазағымның біртұтас азаматтары ел есінде мәңгілік сақталады.

Қатысушы қонақтарға сөз беріледі.

      Назарларыңызға рақмет!

Loader Loading…
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab