Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің тарих пәні мұғалідерінің 15.02-19.02.2021ж аралығындағы «Ұлы тұлғалар -ұрпаққа үлгі» атты апталықта өткен «Әлихан Бөкейханов-ұлы тұлға»(класстан тыс іс-шара)

Күні:16.02.2020ж

Класы: 5-6 кластар арасында

Сабақтың тақырыбы: «Әлихан Бөкейханов- ұлы тұлға»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялылары, Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың  балалық шағы , өмірі жайлы ақпарат беру,  өз елін, жерін қорғайтын патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

№1- слайд. Оқушылар тақырыпқа ассоциация жасайды.  Ә. Бөкейханов кім?

№2- слайд. Ә. Бөкейхановтың өмірі, отбасы , қоғам қайраткері ретінде алатын орны туралы мағлұмат беру.

№3- слайд. Ә. Бөкейхановтың балалық шағына саяхат.  

Ә. Бөкейхановтың балалық шағы  туралы 5- сыныптарына алдын- ала берілген тапсырмаларын ретімен  орындап шығады.

№4- слайд. Ә. Бөкейхановтың өмірі , 155 жылдығы туралы 6- класс оқушылары дайындаған  тапсырмаларын сөз беріледі.

№ 5- слайд. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан туралы замандастарының естеліктерінен топтама слайд көрсетіледі  және оқушыларға сұрақтар қойылады.

  • Ә. Бөкейханов туралы не білдіңіз?
  • «Әлихан Бөкейханов – қазақ ұлтының нағыз жанашыры, Алаштың арысы!»- деген оймен келісесіз бе?
  • Ә.Бөкейхановтың  ел басқару ісінде ұстанған 5 идеясы туралы ойыңыз?
  • Ұлт көсемі Ә.Бөкейханов туралы замандастарының естеліктерінен қандай ой түйдіңіз?

Қорытынды: Әлихан Бөкейханов — саналы ғұмырын ұлтына арнаған, қарақан басының қамынан гөрі ұлтының тағдырын биік қойған, халқының келешегін ойлаған, әрі сол жолда басын бәйгеге тіккен аяулы тұлға. Бір емес бірнеше ғылым саласын бірге алып жүрген ғұлама дарын. Қазақ әдебиеті тарихында, жалпы қазақ тарихында Әлиханның алатын орны әрқашан да ерекше, шоқтығы биік болмақ! Әлихан Бөкейханов – қазақтың ұлтының нағыз жанашыры, Алаштың арысы!