Көңіл айтамыз!

Мектебіміздің 1952 жылғы түлегі, əскери ғылымдар докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, полковник Серікбаев Ким Серікбайұлы дүниеден өтті деген қайғылы хабар ұжымымызға ауыр тиді. Серікбаев Ким Серікбайұлы өмірінің соңғы күндеріне дейін мектебімізбен ынтымақтастық, қамқорлық байланысын үзген жоқ.
Патриоттық рухқа толы ыстық кездесулерде жас ұрпаққа ағалық ақыл берген, отаншылдық сезімдерін шыңдаған қуатты үні құлағымызда сол қалпында жаңғырып тұр.
Елі үшін туып, халқы үшін еселі еңбек үшін, бар ғұмырын ұлтының тыныштығы мен бірлігіне арнаған текті ұл, асыл азаматтың жарқын бейнесі жүрегімізде мəңгі сақталады.
Өзі түлеп ұшқан Ғ.Ақтаев атындағы #6орта мектептің педагогикалық ұжымы марқұмның отбасы мен ағайын — туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.