«Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт»

Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ҚР Білім жəне Ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтың «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Ғ.Ақтаев атындағы #6 орта мектеп кітапханасы Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жыл толуына орай кітап көрмесін ұсынады.
Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолы мен қазақ даласының келешек ұрпағының қамы үшін жүргізілген еңбектерін оқырман қауымға дəріптеу.
Ұлт ұстазының дара жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету.
Кітап оқуға шақырамыз!
Мектеп кітапхана меңгерушісі: Г.Шайырова