Жазғы мектеп

Бүгін 18 маусым күні «Жазғы мектеп» жоспар бойынша өз жұмысын аяқтап, қорытындылау мақсатында мектепте әдістемелік отырыс өтті. 

Отырыс барысында жазғы мектеп кезінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, сабақ берген мұғалімдердің ұсыныс, пікірлері тыңдалды. 

Физика, ағылшын, география, математика, орыс тілі және бастауыш класс мұғалімдері өздерінің іс—тәжірибелерін ортаға салып, оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, жазғы мектептің оң нәтиже бергенін айтты.Сөз соңында жазғы мектеп аясында жүргізілген жұмыстардың оң нәтиже бергенін айта отырып, алдағы уакыттарға ұсыныс, пікірлері тыңдалды.