«Ғ. Ақтаев атындағы 6 орта мектеп-гимназиясында» қазақ елінің көркеюіне елеулі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері

29.06.2021 ж күні «Ғ. Ақтаев атындағы 6 орта мектеп-гимназиясында» қазақ елінің көркеюіне елеулі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, Ақтөбе облысының құрметті азаматы, 1984-1992 ж. Халық депутаттары Ақтөбе облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, 1953 ж. Ақтөбе 6 орта мектебін бітірген түлегі Сапар Сағынтайұлы Сағынтаевқа арналған мемориалдық ескерткіш  тақтаның ашылу салтанаты және мектеп ғимаратының үшінші қабатынан елімізге еңбегі сіңген, мектеп түлектеріне арналған «Тағылым» атты жұмыс кабинетінің ашылу рәсімі өтті. Аталмыш шараға Ақтөбе облыстық маслихат хатшысы Нұғманов Амангелді Шайхоллаұлы, еңбек ардагерлері Холодзинский Генрих Иванович, Бірманов Кеңес Баймұханұлы, Сапар Сағынтайұлының досы, сыныптасы Ғизатов Бақыт Базарғалиұлы, Ақтөбе облысының белгілі азаматтары мен азаматшалары, Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығының директоры  Д. Ұ. Жаманбаева, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы М.О.Қосымбаева, мектебіміздің Қамқоршылық кеңестің төрағасы Қ.Қ.Қуан және мектеп әкімшілігі, ұстаздары, ата-аналары, оқушылары қатысты.