Қайырымды іс жасасаң қайыры өзіңе қайтады

«Қайырымды іс жасасаң қайыры өзіңе қайтады» демекші жетімін жылатпаған елміз. Қазақстан Республикасының  30 жылдығына және Астана күніне орай «Жетімнің ризығы — жұрттан» деп айтпақшы мектебіміздің ұстаздары, кәсіподақ ұйымы, ата- аналары, мектеп парламенті бірлесе 30000 теңгеден астам қаражат жинап, «Үміт» балалар үйіне қажетті: бояғыштар, кітаптар, ойыншықтар және баланың дұрыс қалыптасуына әсер ететін креативті заттар алып табыстады және қолдан келгенше көмек көрсеткен «Малик» сауда дүкеніне ерекше алғыс білдіреміз. Халықтың аманатын аман есен табыстап жатқан сәттегі бейнематериалдарды ұсынамыз.