10 — тамыз — Абай күні

Абай Құнанбайұлы — ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа əдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тариханда өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай əлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.

Ғұлама Абай — қазақ топырағынан шыққан əлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады.

Абайды қалай дəріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы — қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі — өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дəстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым — қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Өйткені ақынның мұрасы — бүкіл адамзат баласының рухани азығы.

Бұл күн — біртұтас қазақ баласын бірлікке шақыратын, адамгершілікке үндейтін, «біріңді қазақ бірің дос» тұтатын қастерлі күн! Тура сол күні хакім үңілген терең ойлар теңіздей тебіренетіндей, тура сол күні хакімнің соңында қалған биік мəтіндер тіпті зорайып асқақтайтындай!

Абай күні — қазақтың ізгілік пен өркениет өріне басқан тағы да бір қайырлы қадамы!
#Абайкүніқұттыболсын
#10тамызАбайкүні
#АбайданаАбайдарақазақта.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_akimat
@aqtobe_akimat