Ақтөбе облысы білім басқармасының 22.07.2021ж N2-3678 шығыс хаты негізінде 5 жастағы балаларды мектепке даярлау мәселесінің өзектілігін ескере отырып

Ақтөбе облысы білім басқармасының 22.07.2021ж N2-3678 шығыс хаты негізінде 5 жастағы балаларды мектепке даярлау мәселесінің өзектілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 92-тармағында «Жазғы айларда мектепалды даярлықты күшейту» іс-шаралары белгіленген және мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарына бармаған балалар үшін қысқа мерзімді даярлық курстарын 10-24 тамыз күндері 7 топ 15 баладан аспайтын топтарда барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырып өткізу қажеттігін хабарлайды.
Осы орайда Ғ.Ақтаев атындағы 6 мектеп-гимназиясына биылғы оқу жылында 1 класқа келетін бүлдіршіндер үшін 12-26 тамыз күндері 9:00-11:00 (оқушылардың формасы өз еркінде, антисептик, екі «маска» болуға тиіс ) «Балақайлар мектебі» өз жұмысын бастады.
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_akimat
@aqtobe_akimat