«Жемісті еңбек- жетістік баспалдағы»

2021 жылғы 24 қыркүйекте Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы Еңбек күні мерекесіне арналған «Жемісті еңбек- жетістік баспалдағы» атты кездесу кеші өткізілді.
Шараға «Мендібай — Қарағаш» ШҚ басшысы Баймағамбетов Марлен Бағланұлы және Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, Ақтөбе қаласы мәслихатының жетінші шақырылымның депутаты, мектеп түлегі Аслан Рахметуллаұлы Жұмашев қатысты.
7 класс оқушылары белсене қатысып, «Еңбекпен шыңдалған өмір» атты кітап көрмесін тамашалады.
Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұжымына көп рақмет!
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_basqarmasy_aqtobe
@aqtobe_akimat