Ғ. Ақтаев атындағы 6 мектеп-гимназиясының тренерлері Д.Б. Муханбедиярованың

 Ғ. Ақтаев атындағы 6 мектеп-гимназиясының тренерлері Д.Б. Муханбедиярованың, Ф.А. Кушекбаеваның, А.К. Алдиярованың жетекшілігімен 11-16 қазан аралығында мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамыту мақсатында Lesson Study циклді зерттеу сабақтары ұйымдастырылды. Апталық барысында педагог-модератор Исмаилова Г, 8″А» сыныбында география пәнінен жан-жақты дайындықпен, әсерлі өткізді.
Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімі мен тәжірибесін дамытуда тиімді құрал ретінде дәлелденіп келеді. Мектепішілік желілік қоғамдастықтың «Сабақты зерттеу» бағытындағы нәтижеге бағытталған жоспарлы жұмыстары жыл бойы ынтымақтастықпен жалғасын таба береді. Ұстаздар шығармашылығына сәттілік!
@obrazovanie_gorod_aktobe
@bilim_basqarmasy_aqtobe