«Із кесуші» психологиялық акция ойыны

«Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы» КММ

 «Із кесуші» психологиялық акция ойыны

А Н Ы Қ Т А М А С Ы

Акцияның мақсаты — қатысушылардың өміріне жаңадан жаңалықтар, түрлі сезімдер  мен мәдени ақпараттарты жинақтау арқылы  өмір сүру кеңістігін кеңейту

Бұл психологиялық  «Із кесуші»  акция балалардың сүйікті ойынына айналуының басты себебі дербес әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Бұл акцияны орындау арқылы оқушыларымыз:

  • Ұжымдық ортада өзін-өзі  ұйымдастыру  әрекетін үйренеді;
  • Қарым-қатынас дағдылары дамиды;
  • Мектеп командасымен бірлесе жұмыс жасауды игереді;
  • Эмоционалдық  жәй-күйін (тонус) көтереді;
  • Әрбір қатысушыға жеке немесе топта психологиялық қолдау көрсету;
  • Қоршаған әлемге деген көзқарасын дамытады;

Жүргізілу барысы:

«Із кесуші» ойынының жүргізілу барысы өте қарапайым. Алдымен ойын жүргізушісі  қатысушыларға сұрақтар тізімі жазылған бланкалар береді. Тапсырманы орындауға уақытты белгілеп,шарттарын түсіндіреді.

Ойынды ойнау барысында қатысушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру арқылы ерекше ынта жігерлері артады. Тіпті флегматик типіндегі баланың өзі сұрақтарға жауап іздеу арқылы атмосфераға тез еніп, ашылады.

Бұл ойын арқылы мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас жасамайтын баланың өзін таңқаларлықтай өзгеріске ұшырауына септігін тигізеді.

Қорытынды сәт:

09.10.21ж күні мектеп психологтары Г.З.Абишева, С.А.Қонысбай , және «өзін-өзі тану және бақыт» фракция мүшелері 5 класс оқушыларына «Із кесуші» психологиялық акция ойынын өткізді. Оқушылар белсенділікпен қатысты. Нәтижесінде :

5 «Ә» I  орын

5 «А» II  орын

5 «Г» III  орын

5 «В» Алғыс хат

5 «Б» Алғыс хатпен марапатталды.